Қызылорда облысының Арал ауданында 7 айда сыбайлас жемқорлық бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының Арал ауданында 7 айда сыбайлас жемқорлық бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды

17.08.2018

Қызылорда облысының Арал ауданында 7 айда сыбайлас жемқорлық сипатындағы 9 қылмыстық іс тіркелген. Оның 8-і пара алса, біреуі керісінше, пара берген. Заңды белден басқан айыптылардың барлығы сот алдында жауапкершілікке тартылды. Мәселен, аудиттік тексеріс кезінде бөлімдердің қаржы үлестіруде қателіктерге жол бергендігі анықталған. Ғимараттарды құжатсыз жалға алып, ақысын төлеп отырған мемлекеттік мекемелер де бар екен. Ал, үш ауылдың әкімі әкімшілік ғимараттарынан оқу орталықтарына орын тауып берген.

Берікбол Байқожаев, облыс бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары:

- Қылмыстың көбісі мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында жасалады. Ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкері ауыл шаруашылығы техникасына жүргізуші куәлігін беру немесе Жұмыспен қамту орталығынан жолдама алу барысында жемқорлық фактілеріне жол берген. Мұның бәрі қызмет көрсетудің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстардың жүргізілмегендігінен, электронды қызметтің үлесін арттырмағандықтан болып отыр. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу