Елорда спортының үздіктері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда спортының үздіктері марапатталды

17.08.2018

Осы жексенбі елімізде Спорт күні аталып өтті. Мереке қарсаңында Астанада үздік сала мамандары мен президенттік сынақты сәтті орындаған мемлекеттік қызметкерлер марапатталды. Бас қаланың абыройын халықаралық жарыстарда қорғап жүрген және жас өрендерді баптап, жеңіске жетелеген жаттықтырушылар арнайы алғыс хаттарға ие болды. Ресми дерек бойынша, бүгінде Астана қаласында 288 мыңнан аса адам тұрақты түрде спортпен айналысады. Ал, жыл басынан бері 300-ге жуық жарыстар ұйымдастырылған. Елордалық спортшылар биыл түрлі сайыстарда 2,5 мың медальды қанжығаға байлаған. Ертең Индонезия елінде басталатын Азия ойындарында да 50-ге жуық астаналық спортшы ел намысын қорғайды. 

Марина Вольнова, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері:

- Барша қазақстандықтарды, спортшыларымызды осы спорт мерекесімен құттықтаймын.  Денсаулық, жеңіс тілеймін. Жарыстарда жоғары нәтиже көрсете берсін.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу