Шу ауданында үш адамды өлтірді деген күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шу ауданында үш адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

16.08.2018

Жамбыл облысының Шу ауданында жантүршігерлік қылмыс орын алды. Онда 48 жастағы шаруа қожалығының иесін, оның 17 жастағы қызы мен 16 жастағы ұлын өлтіріп кеткен. Жергілікті полицейлер шаруа қожалығында болған қылмысты жасады деген күдікпен Шу қаласының тұрғынын ұстады. Оқиға осы ауданға қарасты Үш қызылтаулы учаскесіндегі қожалықта болған. Күдікті осы шаруа қожалығының 42 жастағы жұмысшысы болып шықты. Тексеру барысында одан қаза тапқан жандардың заттары табылған.   

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Алдын ала болжам бойынша бұл қылмысты пайдакүнемдік ниетпен осы шаруашылықтың 42 жастағы жұмысшысы жасаған. Оны ұстаған кезде жәбірленушілердің мотоциклі, ноутбугі, ұялы телефоны мен ақшасы алынды. Ол өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.  

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

Хабарламаларға жазылу