Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты жоюдың жалғыз жолы – сананы жаңғырту. Қостанайда агроөнеркәсіп саласының өкілдері осы кеселге тосқауыл қоюдың тиімді тәсілдерін талқылап, ғылыми конференция өткізді. Ауыл шаруашылығы министрлігі аталмыш саладағы жемқорлықты жою мақсатында субсидиямен қамту процестерін автоматизациялауды ұсынып отыр. Бұл шаруалар мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байланысты кемітеді. Қазір елімізде еркін шаруа қожалықтарын құру үшін барлық жағдай жасалған.
Заңнамалық база мен кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі институттар саны көбейді. Ел көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру барысында ішкі талдау мен бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топтар құрылып, белсенді жұмыс атқаруда. Басты мақсат – қоғамда жемқорлықтың кез келген сипатына төзбейтін жаңа мәдениет қалыптастыру.
Салауат Мүксімов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы:
- Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтау және оларды жою жұмысын күшейту әлі өзекті. Ауыл шаруашылығы - Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі. Соны ескере отырып осы саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жетілдіре түсу қажет.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.