Павлодарда медициналық анықтамаларды жарнама арқылы саудалаған 4 бірдей медбике жұмыстан қуылды
Павлодарда денсаулық сақтау саласының қызметкерлері медициналық анықтамаларды жарнама арқылы саудалаған. Заңсыз әрекетке барған 4 бірдей медбике жұмыстан қуылып, үш мекеменің бас дәрігеріне қатаң сөгіс берілді. Бұл былықты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті анықтады.
Анықтамаға сұраныс бергендер құжатты дәрігердің бақылауынсыз, қан тапсырмай және флюорографиялық тексерусіз ала берген. Мөр басылып, дәрігердің қолы қойылған еңбекке жарамсыздық парағын да небәрі жарты сағаттың ішінде дайындаған. Анықтама 2-8 мың теңге аралығында сатылған. Осы оқиғаға байланысты аймақтағы емханаларда кешенді тексеру басталды.
Еркеғали Жанғазы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің маманы:
- Жаңағы адамдар арасында туберкулезбен ауырғандар болуы мүмкін. Басқа да жұқпалы аурулармен ауырғандар адамдармен, балалармен мектепте, балабақшада жұмыс істеуі мүмкін.
Болат АМАНБАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы