Басты Жаңалықтар Бүгін Астана әуежайынан қажылардың соңғы құрамы аттанды

Бүгін Астана әуежайынан қажылардың соңғы құрамы аттанды

Бес парыздың бірін орындауға ниет еткендер қатары биыл 3000-ға жетті. Яғни, Сауд Арабиясы Корольдігінің қажылық министрлігі соншама квота бөлген болатын. Сәт-сапар тілей келген Бас мүфти оларға барынша жағдай жасалғанын айтты. Алдымен денсаулықтары жіті тексеріліп, менингитке қарсы екпе салынған. Сондай-ақ, медициналық, психологиялық жәрдем көрсететін мамандар мен діни сауалдарға жауап беріп, жөн-жоралғыларды нұсқайтын теологтар да тартылған. Тиісті министрліктерден де өкілдер бөлініп, бас-аяғы 55 адамнан тұратын қажылық миссиясы құрылды. Бұдан бөлек, қажылар бірдей киім үлгісімен жүреді және бір мөлтек ауданға орналастырылатын болды. 

Серікбай Қажы Ораз, ҚМДБ Бас мүфтиі:

- Осы ұлық сапарда ойлаған мақсат-ниеттері, жасаған дұға-тілектері баршасы қабыл болсын. Елімізге, жұртымызға қайырлы, берекетті болсын. 1993 жылы Қазақстан қажыларына Елбасымыз өзі батасын беріп, ел болып шығарып салған кезде небәрі 150 қажы ғана барған болатын. Бүгінгі күнде қажыларымыздың саны 3000-нан асып отыр. Кейбір жылдары тіпті 5000-ға дейін де жеткен болатын. Қазақстанға бөлінетін квотаның әлеуеті әлі де көп.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу