Елорда айналасындағы батпақты-сулы жерлер айналма жолдың құрылысына еш кедергі емес. Құрылыс жұмыстары межелеген уақытында аяқталады. Бас қаланың оңтүстік-батыс айналма жолының құрылысын жүргізіп жатқан компания өкілдері осылай айтуда. Былтыр желтоқсан айында басталған жол құрылысы қазір қарқынды жүріп жатыр.
Жоспарға сәйкес, бұл нысан 2020 жылдың наурыз айында толықтай қолданысқа берілуі тиіс. 34 шақырымнан асатын күре жолдың 7 шақырымдай бөлігі батпақты жерлермен өтеді. Қазір жолдың табаны нығыздалып, топырақ төселген. Болашақта бұл айналма жол қала ішіндегі көшелердің жүктемесін біршама төмендетеді. Себебі, шаһардың шеткі аймақтарына осы бағытпен жылдамырақ жетуге болады.
Самат Мерғазин, бас инженер:
-Жылдың аяғына дейін 100 пайыз топырағын бітіреміз деп жоспарлаудамыз. 30 процент асфальттің бірінші қабатын салайық деп отырмыз.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.