Елордада педагогтардың Тамыз конференциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада педагогтардың Тамыз конференциясы өтті

13.08.2018

Жиынға әр өңірден келген 500 мектеп психологы мен Мәскеуден 7 маман қатысты. Талқыланған тақырып – инклюзивті білім беру. Осы бағыттағы негізгі мәселе білікті кадр даярлауға қатысты болып отыр. Мүмкіндігі шектеулі балалар ғана емес, үлгерімі немесе тәртібі төмен жеткіншектер де жалпы білім беру ортасында оқуы тиіс. «Оларды табиғи, материалдық я болмаса сенімі тұрғысынан бөлу дұрыс емес», - дейді мамандар. Инклюзиядағы екінші мәселе - ата-аналардың белсенділігі. Ал, олармен жұмыс психологтарға барып тіреледі. Сол себепті, сала ұстаздарының кәсібилігін шыңдау керек. Қазір осы бағытта 10 күндік курс өтіп жатыр. 

Жадыра Ақтанова, психолог:

- Мәскеуден келген және өзіміздің оқытушыларымыздан көптеген тәжірибе, білім алдым. Басқа әріптестеріме оқығанымды, көргенімді, тәжірибемді жеткізіп, өзімнің мектебімдегі ата-аналармен жұмыс істеп, соның нәтижесін көргім келеді.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу