Басты Жаңалықтар Мәскеу-Астана-Баку шаһарларының арасында Ақтауда өтетін саммитке қатысты телекөпір өтті

Мәскеу-Астана-Баку шаһарларының арасында Ақтауда өтетін саммитке қатысты телекөпір өтті

Бүгін Мәскеу-Астана-Баку шаһарларының арасында Ақтау қаласында өтетін саммитке қатысты телекөпір өтті. Бейнебайланыс кезінде 3 елдің мамандары алдағы Ақтау саммитінің мән-маңызын саралады. Олардың айтуынша, 5 елдің басшылары конвенцияны қабылдаса, тараптар арасындағы саяси-экономикалық, экологиялық және көлік-логистикалық байланыстар бір жүйеге түсіп, белсенді дамиды. Сонымен қатар, Каспий аумағындағы қауіпсіздік шаралары да күшейе түседі.

Әзірге, Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның мәтіні беймәлім. Энергетикалық және биоресурстарға бай Каспий теңізінің, оны жағалай қонған мемлекеттер арасында қалай бөлінетіні де белгісіз. Алайда, Ресей тарапының мәлімдеуінше, Каспийге «ерекше мәртебе» берілуі әбден мүмкін.

Али Мустафабейли, РФ СІМ Дипломатиялық академиясының Еуразиялық зерттеулер орталығының жетекшісі:

- Каспий дегеніміз теңіз емес, себебі, әлемдік мұхитқа шығатын жол жоқ. Бірақ, аумағы өте үлкен болғандықтан оны көл деп те айта алмаймыз. Бұл мәселе Каспийді 5 мемлекеттің арасында бөлген кезде өте маңызды. Өйткені, теңіз ретінде бөлсек кейбір мемлекеттерге көп үлес тиеді, ал көл десек керісінше. Сондықтан, Каспийді теңіз де, көл де емес деп есептеп, оған арнайы «ерекше мәртебе» береді.

 Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу