«Burabay Forum» Оқжетпес тауының етегінде өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Burabay Forum» Оқжетпес тауының етегінде өтуде

08.08.2018

Осы озық ғылым тақырыбы бүгін елорда да осымен екінші рет шымылдығы түрілген «Burabay Forum» жас ғалымдар форумында да сөз болды. Шараға Қазақстан, Ресей, Литва, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген мамандар қатысуда.  Жиынға жастарды көбірек тарту үшін қатысушыларға жасы 40-тан аспауы керек деген талап қойылған.

Биылғы форумда үш негізгі бағытты қамтылған. Жас ғалымдар ғылым, білім және туризм саласындағы байланысты кеңіте түсу жолдарын талқылайды. Шараның ресми ашылу салтанаты ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының ғимаратында өтуі бекер емес. Екінші жыл қатарынан форумның өтуіне қор тікелей атсалысып келеді.

Ермек Тоқтаров, С.Демирель атындағы университеттің аға оқытушысы:

- Форумда 4 секция бойынша жұмыс істейміз.

«Жасыл» технология, табиғатқа зиян келтірмейтін өндіріс, ауаға көмір қышқылы газының таралуын тежеу бұл пленарлық отырыс кезінде көтерліген тақырыптардың бір парасы ғана. Халықаралық форумға келген 100-ге жуық ғалымның бәрінің аталған мәселелер бойынша айтары бар.

Нұрсұлтан Қайыңбаев, Каунас технологиялық университетінің оқытушысы:

- Мен ұсынған жоба бойынша мына ғимаратты тоқпен қамту 70 есеге экологиялық тиімді болады.

«Бурабай форум» деп аты айтып тұрғандай негізгі басқосу Оқжетпес тауының етегінде ертең және арғы күні өтеді. Түс ауа ғалымдар Бурабай демалыс аумағына аттанып кетті.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу