Қазақстанда 88 шетелдік телеарнаның бағдарламасы көрсетілмейтін болды
Қазақстанда 88 шетелдік телеарна енді бағдарламасын эфирден көрсете алмайды. Бұл телеарналардың тіркеу туралы куәліктері өздеріне қайтарылып, ел аумағында хабар таратуы тоқтатылды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің хабарлауынша, бұл телеарналар Қазақстан заңына енген талаптарды орындамаған. Тыйым салынған ұйымдар арасында MUSICBOX, Дождь, Fashion TV, Fox News Channel, THT-Comedy сынды танымал ойын-сауық телеарналары бар. Заң талабына сәйкес, біздің елде бағдарлама көрсетіп отырған ұйымдар Қазақстанда арнайы өкілдіген ашып, министрлікке тіркелуі қажет болатын.
Назгүл Сәмтікбаева, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Ақпарат комитетінің бас сарапшысы:
- Бүгінгі таңда есепке қойылған 307 шетелдік телеарнаның 219-ы біздің елдің аумағанда өз өкілдіктерін ашып, жұмыстарын әрі қарай жалғастыруда. Ал, енді өкілдіктерін ашпаған шетелдік телерадиоарналарды ел аумағында көрсетпейміз деген сөз жоқ. Ары қарай хабарларын таратамыз десе, өкілдіктерін ашқаннан кейін жұмыстарын ары қарай жалғастыра беруге болады.
Айнұр ОМАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы