Басты Жаңалықтар Туристерге 4 елдің турпакеті ұсынылады

Туристерге 4 елдің турпакеті ұсынылады

Түркі кеңесінің қазіргі заманғы «Жібек жолы» жобасы жүзеге асырылмақ. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мен Әзірбайжан елдері саяxаттаушыларға бірыңғай турпакет ұсынғалы отыр. Соның арқасында туристер төрт мемлекетке бірден сапарлап, түбі бір түркі елдерінің мәдениетімен, көрікті жерлерімен танысады. Бүгін Астанада Түркі кеңесіне мүше елдердің туризм жөніндегі министрлері кездесті. Жиында аймақтарда туризм әлеуетін арттыруға қатысты осы және өзге де мәселелер айтылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта кеңеске кіретін елдер ортақ веб-сайтын ашып, байланыс стратегиясын арттырмақ. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанға әлемнің 61 мемлекетінің азаматтары визасыз кіре алады.    

Гаухар Жеңісбек, «Қазақтуризм» ҰК департамент директоры:

- «Жібек жолы» атауының, яғни, брендінің өзі туристерді тартады. Алдағы уақытта осы турпакет ұсынып отырған 4 мемлекеттің қатарына Өзбекстан да қосылуы мүмкін. Жобаның пайдасы әр елдің экономикасына қыруар қаржы әкеледі, елдің танымалдылығы арта түседі. Біз негізгі бағыт ретінде Оңтүстік Қазақстан өңірін алып отырмыз. Сондай-ақ, саяхаттаушылар осы жоба негізінде тек жазда ғана емес, қыста да Қазақстанға келе алады.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу