Өткен хабарларымыздың бірінде Павлодарда жаңадан салынған үйдің қабырғасында жарық пайда болғаны туралы сюжет берген едік. Енді дәл осындай жағдай Қостанайда қайталанып отыр. 60 пәтерлік 5 қабатты ғимарат қаланың «Юбилейный» шағын ауданынан бой көтерген. Нысанның қабырғасы қақырай бастағаны шілде айында байқалған. Содан соң іле-шала құрлыс жұмыстары тоқтатылды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан бұл үйге осы уақытқа дейін 200 млн. теңгеден аса қаржы жұмсалған. Мердігерлер құрылыстан ақау шығуына жерасты суының деңгейі мөлшерден тыс көтерілуі себеп деген уәж айтады. Үйдің қақыраған қабырғасы жамалып, құрлысы аяқтала ма? Әлде сүріліп тастала ма? Бұл жағы әзір беймәлім.
Алмат Досымхан, Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы:
- Бүгінгі күні техникалық тексеру жүргізу үшін орталықтан арнайы мамандандырылған мекеме қызметкерлерін күтіп отырмыз. Солардың зерттеу қортындысына сәйкес, бұл үйдің әрі қарайғы тағдыры шешілетін болады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.