Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бірнеше шетелдік журналисті марапаттады
Олар «Қазақстан - шетелдік журналистер көзімен» атты байқаудың жеңімпаздары. Осымен бесінші рет ұйымдастырылған халықаралық сайысқа 20 елден 85 тілші қатысқан. Журналистер өзі жұмыс істейтін басылымдарында Қазақстан туралы толық мағлұмат алатындай етіп бірнеше мақала жариялаған. Мәселен, өзбекстандық тілші Өзбекстан мен Қазақстанның 25 жылдық байланысына орай көлемді материал жазған. Кейбір қалам иелері қазақ елінің жаңа архиректурасы туралы қалам тербепті. Жеңімпаздардың ішінде өзіміздің отандасымыз да бар. Целиноградта туып өскен Александр 1999 жылы Америка кетеді. «Депеша» деп аталатын басылымда жұмыс істейтін ол «Қазақстанның жеті кереметі» атты мақаласын «Форбс»-та жариялаған.
Александр Липовцев, журналист:
- Мен Қазақстанның жаңа белестерге қарай күрт өзгергені туралы жаздым. Тіпті өзім туып өскен Цилиноградты танымай қалдым. Астана, Алматы, Шымкент, Түркістанда болып, сол жерлердің кереметі туралы туристік бағытта мақала жарияладым.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы