Қазақстанның сот сараптамасы органдары батыстың стандарттау тәжірибесін енгізуге кірісті
Соның бастамасы ретінде Қазақ гуманитарлық заң университеті шетелдік серіктестермен бірлескен семинар ұйымдастырды. Бұл Әділет министрлігі мен халықаралық қайта құру және даму банкінің «Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Бірінші білікті әрі бәсекеге қабілетті кадрлар қалыптастыру. Ол үшін сот сарапшыларының белгілі бөлігін нарыққа жіберу керек. Жалпы, жүйенің ғылыми деңгейі жоғары. «Тек сала оқымыстыларына барынша қолдау жасалуы тиіс», - деді Лондон Корольдігі колледжінің сарапшысы Крис Бреретон. Сондай-ақ, ол зертханалардың жағдайына да тоқталды. Яғни, еліміздің көп жерінде заманауи құралдар жетерлік. Дегенмен, кей өңірлерде жабдықтар жоқтың қасы немесе ескі.
Гүлдана Жүсіпова, Қазақ гуманитарлық заң университетінің сарапшысы:
- Басты мәселе - ғылыми-әдістемелік құралды қамтамасыз ету. Сот сараптамасы деген бірінші кезекте ғылыми білім. Сол себепті, біз стандарттау бойынша техникалық комитет құруға күш салудамыз. Бұл барлық органның алаңы болады. Онда Бас прокуратураның, Жоғарғы соттың өкілдері, Ішкі істер министрлігі мен сот сараптамасын тағайындайтын мекеме және жеке сарапшылардың палатасы болады. Сөйтіп сол алаңда бір тәртіп, бір норма жасалады.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы