Елордада «Астана-Париж» веломарафоны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Астана-Париж» веломарафоны басталды

06.08.2018

«Спортта шектеу жоқ». Осындай ұранмен елордада «Астана-Париж» веломарафоны басталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға көздері нашар көретін спортшылар қатысуда. Олар Азия мен Еуропаны жалғайтын 6 ел мен 30 қаланы өтіп, жалпы ұзындығы 6 мыңдай шақырымды бағындырады. Құрлықаралық велошеруді ұйымдастыру идеясын мүмкіндігі шектеулі жандар бірауыздан қолдап, өз ришалықтарын білдірді. Шара қыркүйектің 8-і күні мәресіне жетеді деп жоспарланып отыр.   

Марат Панарин, веломарафоншы:

- Бұл екінші марафоным. Былтыр Алматыдан Ыстықкөлге дейін барғанбыз. 520 километрге.  Қиыншылықтар бар. Команданы жинау керек. Тандемдерге ақша шығару керек. Қиын дегеніміз бір-бірімен сыйласуы ғой. Тіл табыспасақ, команда шашылып кетеді.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу