Басты Жаңалықтар СҚО-ның тарихи-өлкетану музейінде «Ежелгі Тараздың қазыналары» атты көрме өтуде

СҚО-ның тарихи-өлкетану музейінде «Ежелгі Тараздың қазыналары» атты көрме өтуде

Қызылжар жеріне Тараз қаласынан 250 тарихи жәдігер әкелінген. «Көрмені өткізудегі мақсатымыз  - 2000 жылдан астам тарихы бар көне қаладан табылған құнды жәдігерлермен қала тұрғындарын таныстыру», - дейді ұйымдастырушылар. Жамбыл облысындағы тарихи ескерткіштердің жалпы саны 3 мыңнан асады. Оның ішінде Ақыртас, Құлан, Баласағұн, Өрнек, Қостөбе ескерткіштері ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген, ал, тағы 25-і республикалық дәрежедегі ескерткіштер. Петропавл қаласының тұрғындары көрмені тамыздың 1-і мен 15-і аралығында тамашалай алады.

Жангелді Тәжин, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Көрмеден алған әсер керемет. Өйткені, Қазақстанның мақтанышы тек қана дала емес, қала екенінде осы көрмеден көріп отырмыз. Тараз қаласы осыдан 2000 жыл бұрын өркениет ордасы болған. Қаланың тұрғындары тек қана кәсіппен ғана емес, сонымен қатар, өнермен де айналысқан.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

 

Бөлісу