Ақтауда Каспий маңындағы мемлекеттердің құтқару қызметтерінің қатысуымен халықаралық «Теңіз-2018» жаттығуы басталды. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей және Түрікменстанның құтқарушылары қатысуда.
Екі күндік шара барысында көк айдынды жағалай орналасқан мемлекеттердің бірлескен күштері сараланып, түрлі жаттығулар өтеді. Теңіз жағалауында құтқарушылар бір-бірімен тәжірибе алмасады.
Бекболат Әбдіқадыров, Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:
- Жаттығудың мақсаты Каспий теңізі аймағындағы және шекаралас аудандардағы төтенше жағдайларға жауап беруде Каспий маңындағы мемлекеттердің құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын жақсарту, бірлескен іс-қимыл күштері мен активтерді пайдалану. Барлығы 500-ден астам қызметкер, шамамен 75 арнайы техника, БЕ-200 ұшағы, 6 бірлік тікұшақ, сондай-ақ, 4 теңіз кемесі мен 7 бірлік құтқару қайықтары болады.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.