Талдықорғанда «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы аймақтың кезеңінің жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы аймақтың кезеңінің жеңімпаздары анықталды

03.08.2018

Байқауға Алматы облысында тіркелген қоғамдық бірлестіктер мен қайырымдылық қорлардан 24 өтініш түскен. Олардың он төрті іріктеу кезеңіне жолдама алды. Жобалардың ішінде мүгедектер арбасын электр қозғалтқышпен жабдықтау, мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту, әлеуметтік бизнес-инкубатор сынды тың идеяларды ерекше атап өтуге болады.

Жалпы, бұл өңірде 900-дей үкіметтік емес ұйым болса, олардың 300-ден астамы белсенді жұмыс істеп келеді. Ал, ең үздік жоба республикалық байқауда таныстырылады. 

Ғалиасқар Сарыбаев, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Әрбір жобаны қарадық. Нақты тексерілді.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу