Тараз қаласында үздік әлеуметтік жобалар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз қаласында үздік әлеуметтік жобалар анықталды

31.07.2018

Тараз қаласында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының аймақтың кезеңінің жеңімпаздары анықталды. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған биылғы байқауға 16 жоба ұсынылған. Мақсаты- мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға етене араласып, еңбек етуіне жағдай жасау. Шығармашылық қабілетін шыңдап, кәсіп ашуына көмектесу. Көрмеге қойылған бұйымдар осындай ерекше жандардың қолынан шыққан. Ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары, көрпе-жастықтар мен балалар ойыншықтары көздің жауын алады. Бұл – байқаудың 5 бағытының бірі бойынша ұсынылған жоба.

Бұдан бөлек, әлеуметтік проблемаларды шешуде ақпараттық жылжу, еріктілер қозғалысын дамыту, өмірдегі түрлі қиындықтардан шығуға көмек көрсету бағытында ұсынылған жобалар жетерлік.  «Тараз қалалық мүгедектер қоғамы» үздік деп танылды. Осы уақытқа дейін олар 170 отбасыға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіпті. 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ         

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу