Бүгін үздік әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздары анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін үздік әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздары анықталады

28.09.2018

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы. Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ең беделді байқаулардың бірі. Олай дейтініміз, дәстүрлі байқауға биыл екі есе көп өтінім түскен. Сондықтан да, жүлделі орындар саны 3-тен 13-ке дейін көбейтілді. Байқау жеңімпаздары анықтайтын шара қазір өтіп жатыр. Байқауды ұйымдастыруға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Нұр Отан» партиясы мұрындық болған.

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауына биыл 318 өтініш келіп түскен. Бұған дейінгі жылдары тек мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты жобалар қабылданса, биыл 5 аталым бойынша жеңімпаздар анықталады. Оның ішінде әлеуметтік мәселелерді шешу, әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысы, мүгедектерді жұмыспен қамту және қиын жағдайда қалған жандарды қолдау секілді аталымдар бар. Байқаулар алдымен аудандық, сосын қалалық және республикалық деңгейде өтеді. Республикалық байқауға 50-ден астам жоба іріктеліп шықты. Олардың барлығы да әлеуметтік сала мәселесін шешуге бағытталған. Дегенмен, бүгін үздіктер анықталып, оларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу