Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық байланысты арттырмақ ниетте
Ауған елінен Астанаға бизнесмендерден құралған ірі делегация келді. Еліміздің Индустрия және даму министрлігінде осыған байланысты конференция ұйымдастырылды.
Тараптар сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, жер және әуе қатынасы, сондай-ақ, геология және минералды ресурстар сияқты өзекті салаларда әңгіме өрбітті. Конференция аясында кіші және орта бизнес өкілдері де әріптестік орнату жөнінде пікір алмасты. Жиын соңында қос елдің өкілдері «Келісілген хаттамаға» қол қойды.
Айта кету керек, биылғы жылдың алғашқы 4 айында Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 180,2 миллион доллар болды. Конференция аясында қол жеткізіліген уағдаластықтың арқасында бұл көрсеткіш еселене түседі.
Арыстан Қабыкенов, ҚР Индустрия және даму министрінің орынбасары:
- Біздің байланысымыз стратегиялық әріптестік негізінде қалыптасып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейте түсеміз. Соңғы кезде алыс-берісіміз артып келеді. Біз экспорт көлемін ұлғайтып жатырмыз. Биылғы жылдың алғашқы кезеңінің өзінде 19 пайызға өсті. Әсіресе, металлургияға үлкен мән беріп отырмыз. Содан кейін бидай жеткізу мәселесін де көтердік. Өзбекстан мен Түрікменстан арқылы тауар жеткізуді талқыладық. Егер бұл жоспар жүзеге асса, екі елдің де бизнесмендерінің жұмысы жанданады.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы