Жамбыл облысы Астанада өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне 365 тонна өнім жөнелтпек. Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған жәрмеңке 4-5 тамызға жоспарланған. Әулиеаталық тауар өндірушілер Астанаға 30 тонна ет, 19 тонна сүт, 5 тонна балық пен шұжық өнімдерін және 2,5 тонна бал жібермек. Осы өңірде өндірілген өсімдік майы, макарон, кондитерлік өнімдер мен қымыз-шұбат, құрт, сары май да елорда тұрғындарына ұсынылады. Ал, жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөністің көлемі – 257 тонна.
Қайрат Аманов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Жалпы, 122 млн. теңгеге 365 тонна өнім тиеліп отыр. 6 жүк көлігімен жеткізілетін болады. Жәрмеңке Астанада 4-5 тамыз күндері өтеді.
Дариға Алпысбаева, тауар өндіруші:
- Жамбыл облысының ет бағалары төмен. Сапасы да жақсы.
Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.