«ҚазАвиа» кіші әуе компаниясының жұмысы тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазАвиа» кіші әуе компаниясының жұмысы тоқтатылды

01.08.2018

Азаматтық авиация комитеті «ҚазАвиа» кіші әуе компаниясының жұмысын тоқтатады. Аталған компанияның Як-12 ұшағы былтыр шілде айында Алматы облысында апатқа ұшырап, екі азамат қайтыс болған. Тергеу қорытындысы енді аяқталған. Ұшақты әуе кемесінің командирі мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Басқа да ұшу ережесін бұзу фактісі анықталған. Сол себепті, Азаматтық авиация комитеті осы жылдың 25 тамызынан бастап «ҚазАвиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен авиациялық жұмыстарды орындау сертификатын қайтарып алу туралы шешім қабылдаған. 

Тимур Якупов, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің басқарма басшысы:

- Бірқатар ұшу ережесін өрескел бұзу фактілері тіркелді. Оның ішінде әуе көлігі командирінің қанында алкоголь анықталды және ұшаққа рұқсат етілген мөлшерден көп жүк тиелген. Сондай-ақ, жерге жақын ұшқандықтан ұшақ апатқа ұшыраған.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу