Қостанайда жас сарбаздар әскери ант қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жас сарбаздар әскери ант қабылдады

01.08.2018

Қазақстан Қарулы күштері қатарына іліккен 200-ден астам бозбала қаланың орталығында көпшілік алдында ел қорғауға әзір екендіктерін салтанатты түрде мәлімдеді.

Бұл жолғы әскери борышын өтеушілер еліміздің төрт облысынан жиналған. Олар Отан алдындағы парызын Ұлттық ұлан сапында жүріп өтеп, қоғам тыныштығын күзетпек. Сонымен қатар, аймақтағы бірқатар түзеу мекемелерін күзетеді. Әзірге жас сарбаздар  әскери дайындықтан өтіп жатыр. Осыдан кейін жалпы бөлімдерге бөлінеді.  

Құрбанәлі Елмұратов: 

- Жамбыл облысынан інім Серік Сегізбай өзінің қызметтік борышын атқару үшін келіп отыр. Бүгінгі көңіл-күйіміз өте тамаша. Жаңа бөлім басшысымен ата-аналардың жиналысы болып өтті. Ол кісілердің сөзіне қарасақ, біздің балаларымыз үшін алаңдайтын ешнәрсе жоқ. 

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу