Оған шаһардағы қайырымдылықпен айналысатын барлық қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Олар тағдырдың тауқыметін тартып, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсеткен. Осылайша, жомарт жандар ірі мегаполистегі кейбір әлеуметтік мәселелерді шешуге септігін тигізді. Жоба аясында ата-анасының қамқорлығынан айырылған және науқас балаларға көмектескен қоғамдық ұйымдардың еңбегі ескеріліп, қаржылай сыйлықпен марапатталды. Мәселен, бірінші орынға 1 миллион теңге ақшалай сыйақы берілсе, екінші орынға 700 мың, үшінші орынға 500 мың теңге табыс етілді.
Шараның бастамашысы болған «Нұр Отан» партиясының өкілдері үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жетілдіру арқылы азаматтық қоғамды дамыту қаланың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне ықпал ететіндігін айтты.
Тараз қаласында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының аймақтың кезеңінің жеңімпаздары анықталды. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған биылғы байқауға 16 жоба ұсынылған. Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға етене араласып, еңбек етуіне жағдай жасау. Шығармашылық қабілетін шыңдап, кәсіп ашуына көмектесу. Көрмеге қойылған бұйымдар осындай ерекше жандардың қолынан шыққан. Ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары, көрпе-жастықтар мен балалар ойыншықтары көздің жауын алады. Бұл – байқаудың 5 бағытының бірі бойынша ұсынылған жоба.
Бұдан бөлек, әлеуметтік проблемаларды шешуде ақпараттық жылжу, еріктілер қозғалысын дамыту, өмірдегі түрлі қиындықтардан шығуға көмек көрсету бағытында ұсынылған жобалар жетерлік. «Тараз қалалық мүгедектер қоғамы» үздік деп танылды. Осы уақытқа дейін олар 170 отбасыға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіпті.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.