Шығыс Қазақстан облысында суармалы жерлер игерілмей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында суармалы жерлер игерілмей жатыр

31.07.2018

Алқаптарды сумен қамту үшін инфрақұрылымды жасақтауға  20 млрд. теңге бөлінген. Әйтсе де, нәтиже шамалы. 2020 жылға қарай  92 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіріп, шаруалардың игілігіне беру көзделген. Соңғы 3-4 жылда өңірдің бірқатар ауданында ирригациялық жүйелер жөнделді.

Бірақ, белгілі болғандай, су бола тұра, суармалы жерлердің басым бөлігі тиімді пайдаланылмай жатыр. Егін егемін деген талай шаруа тіршілік нәрінен таршылық көруде. Су ресурстары комитетінің мәліметі бойынша, облыста қаңсып жатқан мыңдаған гектар жер бар. Осы алқаптардың дені суару жүйесімен қамтылған. 

Ислам Әбішев, Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы:

-Суармалы жер – ол ауыл шаруашылығы саласының алтын қоры. Онсыз ауыл шаруашылығы жоқ. Суармалы жерлерді қалпына келтіріп алып, ол жерге егін екпей отыруға тағы болмайды. Бұл да жергілікті атқарушы биліктің тікелей жұмысы. Егер Шығыс Қазақстан осыған дейін түсті металлургияның отаны болса, суармалы жерлердің де орталығына айналуы керек.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу