Солтүстік Қазақстан облысында көмір тапшылығы болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында көмір тапшылығы болуы мүмкін

31.07.2018

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды биылғы қыста жылыту үшін 505 мың тонна көмір қажет. Алайда, қазір оның небәрі 80 мың тоннасы ғана дайын. Демек, күздің қара суығында пеш жаға бастайтын теріскейліктер көмір іздеп тағы әлекке түспек. Былтыр қатты аязда бірнеше көпқабатты үй жылусыз қалған болатын. Биыл осындай қиындықтарға тап болмау үшін жылыту маусымына дайындықты пысықтау керек деп тапсырды шенділерге облыс әкімі Құмар Ақсақалов. Жылыту маусымына әзірлік жұмыстары үшін қазынадан 4 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Біз бәріне дайын болу керекпіз.  Күздің қалай болатынын ешкім білмейді.  Қыркүйек айының басында күн суытуы мүмкін. Сондықтан, қыркүйектен жылу беруге дайын болуымыз шарт. Былтыр құбыр жөндеу үшін қазылған жолдарды қайта қалпына келтіруге ешкім асықпайды. Бұл жауапсыздықты тек әкімшілік айыппұл салу арқылы шешуге болады.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу