Сондай-ақ, осы төтенше оқиға кезінде зардап шеккен өзге де азаматтарымыз Отанға оралды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінен хабарлады. Таудағы туристерді құтқару үшін бүгін таңертең Алматыдан «Қазавиаспас» тікұшағы аттандырылған еді. Құрамында 9 құтқарушысы бар топ кинологтармен бірге оқиға орнына дереу жетті. Болжамдар бойынша, туристер теңіз деңгейінен 4100 метр биіктікте тас астында қалған. Табиғи апатқа ауа температурасының күрт өзгеруі мен жақын аймақта болған зілзала себеп болуы мүмкін.
Айта кетейік, кеше Бішкектен 40 шақырым жерде орналасқан Скрябина мұздығында 7 турист оқыс оқиғаға тап болған еді. Олардың төртеуі - біздің отандастарымыз болса, үшеуі көрші Ресейдің азаматтары.
Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
- Туристер мұздықты зерттеу үшін өздігінен тауға шыққан. Экспедицияны ұйымдастырып берген арнайы туристік компания. Зардап шеккендердің өмірлері сақтандырылған болса, тиісті компания өтемақы төлеуге міндетті. Осы оқиға бойынша іс қозғалды. Ал, жалпы, табиғаттың тосын мінезін ешкім алдын ала болжай алмайды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.