Басты Жаңалықтар Өскеменде шоколад көрмесі өтуде

Өскеменде шоколад көрмесі өтуде

Шоколадтан жасалған түрлі мүсіндер, композициялармен қатар, голливудтық жұлдыздардың портреттері сомдалған тәттілердің сақталу мерзімі ұзақ. Олардың жалпы салмағы бірнеше ондаған килограмға дейін тартады, таза шоколад пен марципаннан құйылған. Киім, опа-далаптардың жасалуы қиын, десе де зергерлік әшекейлерді қолөнер шебері Николай Попов асқан ыждаһаттылықпен жасап шыққан. Көрме көпшіліктің көңілінен шықты.  

Тамара Быкова, ШҚО Сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы директорының орынбасары:

- Мұнда шоколадтың тек шоколад қана еместігін көруге болады. Бұл тұтынатын өнім ғана емес, өнер туындысы, сонысымен де қызық. Ө|згеше материалдардан жасалған. Көрмеде жануарлар, миниатюралар, қару-жарақ құралдарымен қоса жұмыс құралдары бар, мұның барлығы - шоколадтан.

Айдана ДАЙЫРОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Бөлісу