Көпшілік орындарда қызмет етушілерге базалық реанимация жасауды білген абзал
Өйткені, аяқасты біреудің денсаулығы күрт нашарласа дәрігерді күтпей алғашқы көмек көрсетілуі тиіс. Санитарлық авиация орталығының маманы сондай жазатайым жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді. Яғни, қан қысымы көтеріліп немесе жүрек қағысында өзгеріс болса жалаң қолмен жәрдемдесуге болатынына көз жеткізді. Міне, осы әдіс-тәсілдерді жеке адамдармен бірге мектеп және өзге де еңбек ұжымдары үйреніп жүр. Дегенмен, сауда орталықтары, әуежай мен вокзалдарда, басқа да халық көп жиналатын жерде дефибриллятор аппараты болғаны дұрыс. Бұл алгоритм қызметін атқарып, уақытша медицина мамандарының орнын ауыстыра алады.
Борис Сартаев, республикалық санитарлық авиация орталығының дәрігер-нұсқаушысы:
- Бізде заң деңгейінде бизнес орталық салушыға немесе жолаушылар тасымалымен айналысушыға дефибриллятор алуды міндеттемейді. Бірақ, бәрі өрт сөндіру құралының болуын ескереді. Өртті дер кезінде сөндіргендей адамды да алғашқы көмек көрсету арқылы өлімнен аман алып қалуға болады. Осы ретте дефибриллятордың тигізер пайдасы зор.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы