Түркістан қаласы дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан қаласы дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты

23.07.2018

Облыс орталығына айналған Түркістан қаласы дамудың жаңа кезеңіне бет алды. Бұл тарихи шешім - ата-бабаларымыз бастап кеткен іргелі істің лайықты жалғасы. Шаһардың өсіп-өркендей түсуі «Нұр Отан» партиясының тұрақты назарында болмақ.

Конференцияда алдымен партияның облыстағы филиалының төрағасы бекіп, саяси кеңесі мен саяси бюросының мүшелері сайланды. Стратегиялық маңызды жаңа міндеттерді орындаудың тиімді тетіктері талқыланды.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Партия төрағасы барлық партиялық бастамаларды мақұлдап, оларды уақытылы әрі тиімді жүзеге асыру үшін партиямен бірге Үкімет пен әкімдерге де нақты тапсырмалар берді.

Түркістан болашақта түркі әлемінің орталығына айналуы тиіс. Бұл орайда жергілікті билік пен «нұротандықтардың» атқаратын шаруасы орасан. Ірі мегаполистер санатына енген Шымкент қаласында да бірқатар  жобалар іске асуда. Таяуда Отырар ғылыми әмбебап кітапханасы жанынан коворкинг орталығы ашылды. Мұнда балалар алаңсыз кітап оқып, тегін тіл курстарына қатыса алады. Сонымен қатар, ұлттық ойындарды үйренуге де мүмкіндік бар.

Мәдина Нысантегі, №65 Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мектебінің оқушысы:

Жазғы уақытты тегін ағылшын тілін оқытып жатыр. Ендігіде тағы келемін. Демалысты бос өткізбей, тіл үйренуге арнағым келеді.  

Күлия Айдарбекова, «Отырар» өңірлік ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры:

Бүгінгі орталық керек. Оқырмандар үлкен қуанышпен қабылдауда. 19 мың оқырманымыз, 390 мың кітап қорымыз бар. 

Облыс орталығы Түркістанда да іргелі жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Бағдарламалардың бастан-аяқ орындалуын қадағалау атқарушы билік пен партия құзырында.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу