Қазақтың күйлері мен халық әндері Вьетнам радиосында әуелейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың күйлері мен халық әндері Вьетнам радиосында әуелейтін болды

10.07.2018

Ал, «Qazaq Radiosy» арқылы мәлім де беймәлім Въетнам елінің әуендерін тыңдайтын боламыз. Мұндай келісім Азия мен Еуропаның білікті медиаменеджерлерінің қатысуымен өтіп жатқан «Азияның медиа диалогы» форумы аясындағы жасалды. «Qazaq Radiolary» ЖШС директоры Мәди Манатбек пен Вьетнамдық музыкалық арнаның өкілі алдағы уақытта бірлесе атқаратын өзара тиімді жобаларды талқылап, екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қоюға келісті. Сонымен қатар, тараптар мәдениет пен туризмді дамытуға бағытталған тың жобаларлы әзірлеуге уағдаласты. Айта кетейік, Вьетнам радиосы «Qazaq Radiolary» серіктестігі секілді әлеуметтік және қоғамдық бағытта жұмыс істейді. 

Мәди Манатбекұлы, «Qazaq Radiolary» ЖШС-нің бас директоры

- Вьетнамдықтарды біздің ұлттық және классикалық музыкамыз қызықтырып отыр. Ал, бізге олардың туризм бағытындағы бағдарламасы керек. Өйткені, Вьетнам - Қазақстан үшін әлі толық танылып үлгермеген ел. Сондықтан, екі елдің радиолары мәдениет және саяхат саласын қал-қадірінше дәріптеуге келістік.

Транхат Дуонг, «VOV» музыкалық арнасы директорының орынбасары:

- Бұл құжат екі елдің мемлекеттік радиолары арасындағы байыпты байланыстың берік іргетасы болып қаланатынына сенімдіміз. Екіжақты келісім болашақта мәдениет пен туризмнің дамуына өзіндік септігін тигізеді деп ойлаймыз. Кездесуге шақырғандарыңызға рахмет.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу