«Ғасырлар үнінде» - Абай әндері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ғасырлар үнінде» - Абай әндері

12.08.2015
«Ғасырлар үнінде» - Абай әндері

Ұлы ақын Абай Құнанбаев  музыкада да айтарлықтай мұра қалдырды. Ақын асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка бағытында мұндай мүмкіндігі болмады.

Өйткені, Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ, тек халықтық музыка дәстүрі  қалыпта еді. Сондықтан, Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса жетті.

Десек те, Абай әндерінің бүгінге толық жеткен себебі - олар халықтың жан дүниесіне сай, табиғатына жақын болғандықтан, халық санасынан өшпес орын алған.

Абай әндерінің ерекшелігі неде? Бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:40-та «Ғасырлар үнін» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу