«Сазген сазы» ансамблінің концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сазген сазы» ансамблінің концерті өтеді

21.12.2014
«Сазген сазы» ансамблінің концерті өтеді

22 желтоқсан күні  Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен залында фольклорлы-этнографиялық «Сазген сазы» ансамблінің концерті өтеді.

Шараның ұйымдастырушысы – Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алматы әуендері» кәсіпорны.

Концертте танымал әншілер – Тамара Асар, Майра Мұхамедқызы, Гүлнар Көшенова, Қырғыз Республикасының Халық әртісі Бақытбек Шөтенов, Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, Башқұртстанның Халық әртісі Рамиль Гайзуллин, «Қазына» вокалдық тобы және тағы да басқа әншілер өнер көрсетеді.

Кеш бағдарламасының 1-бөлімінде қазақтың көне музыкалық аспаптарымен халық әндері, күйлері орындалады. Екінші бөлімде шетел композициялары, заманауи әлемге танымал джаз ырғақтағы шығармалар көрерменге паш етіледі.

Бұл бөлімде көрермен ансамбль өнерпаздарының сазсырнай, шіңкілдек, жезқобыз, дауылпаз сынды 20-дан аса ұлттық аспаптармен джазды орындаудағы шеберлігін тамашалай алады.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Тілегенов.

Хабарламаларға жазылу