«Сенбілік кездесуде» - Бибігүл Төлегенова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік кездесуде» - Бибігүл Төлегенова

25.07.2015
«Сенбілік кездесуде» - Бибігүл Төлегенова

Қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың  алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері, Батыс Европа композиторларының вокалдық шығармалары бар. Әнші  өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді, опера өнеріне де елеулі үлес қосты.

Бірнеше фильмдерде замандастарының образын жасап, өнері республика, ТМД елдері көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды.

Гастрольдік сапармен Польша, Чехославакия, Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, АҚШ және т.б. елдерде  болды.

Семейдегі ет комбинатында жұмыс істей жүріп, ән салған жас талант иесінің үлкен сахнаға жолдаманы қалай алды? Өмір жолында кездескен түрлі қиыншылықтарды қалай еңсерді? Бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу