Алматыда Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойы тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойы тойланды

19.11.2019

Қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова биыл 90 жасқа толды. Мерейтойға орай Алматыда аты аңызға айналған өнер майталманының құрметіне концерт өтті.

Шарада жезтаңдай әншінің әріптестері мен шәкірттері өнер көрсетті. Бибігүл Төлегенованың репертуарында тек қазақтың халық әндері емес, әлемдік классикалық шығармалар да жинақталған. Бұдан бөлек, Бибігүл Ахметқызы кезінде Қазақ радиосында жұмыс істеп, бірнеше көркем фильмге түскен. Қазақ ұлттық концерваториясында әлі күнге дейін студенттерге сабақ беріп, ізбасарларын даярлап келеді.

Бауыржан Жақсымбет

Хабарламаларға жазылу