Кеден саласындағы 17 мемлекеттік қызмет ықшамдалады немесе мүлдем қысқартылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері айтты. Жалпы, Кірістер комитеті 29 түрлі салықтық, 19 түрлі кедендік қызмет ұсынады. Енді кеден саласындағы мемлекеттік қызметтердің 3-еуі ұқсастығына байланысты біріктіріледі. Ал, цифрландыру бағдарламасы аясында 8 түрлі кеден қызметі электронды форматқа көшіріледі.
Алтай Қыдыров, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі:
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жағынан Қаржы министрлігі 21 мемлекеттік органның ішінен төртінші орын алды. Алдағы уақытта бірыңғай байланыс орталығы яғни, 1414 арқылы кеден бағытындағы көп сұрақтарға жауап беру көзделуде.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.