Мейрамбек Бесбаев магистрлік диссертация қорғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрамбек Бесбаев магистрлік диссертация қорғады

27.06.2018

Танымал әнші, халықтың сүйікті ұлы Мейрамбек Бесбаев магистрлік диссертациясын қорғады. Еуразия Ұлттық университетінің «Мәдениеттану» мамандығы бойынша екі жыл білім алған ол бүгін комиссия мүшелерінің алдында ғылыми жұмысын таныстырды.  Тақырыбы - Алтынбек Қоразбаевтың қазақ мәдениетіндегі орны. Ғылыми жұмыс деректі фильм ретінде ұсынылды. Фильмде Мейрамбек Бесбаев Алтынбек Қоразбаевпен бірге сазгердің туған жеріне барып, сол жердегі оның ауылдастары мен замандастарымен әңгімелеседі.

Мейрамбек Бесбаев, әнші:

- Біз ол кісіні композитор ретінде білеміз. Ал, шындығында, ешкім зерттемеген екен. Мектеп қалыптастырған композитор. Кеңестік дәуірде шырқалған «Сағындым Алматымды» әнін, біздің әндерімізді басқа да мемлекеттерде шырқау жағын ойластырған екен. Бұл кісі ән арқылы проблемаларды да қозғаған. «Бозторғай», «Қара бала», «Қара кемпір», «Қара шал», «Қара пима» толғауларын айтуға болады. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу