Мейрамбек Бесбаев «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрамбек Бесбаев «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді

01.11.2017

Әнші, «МузАрт» тобының солисі Мейрамбек Бесбаев бағдарлама қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

Айта кетсек, 8-қарашада Алматыдағы Республика сарайында әншінің жеке шығармашылық кеші өтеді

«Сахнада жүргеніме 30 жыл болды. Эстрада өнеріне менен де зор еңбек сіңірген асыл азаматтар көп. Дегенмен, ұстазым Алтынбек Қоразбаевқа алғысым шексіз. Осы кісінің арқасында үлкен сахнаға келдім. Ең бірінші жетістігім – «Бозторғай» әні. Одан кейін де өнерімді алып кетуге, дамытуға көмегі тиген ұстаздарға ризамын.

 «МузАрт» тобының концерттері қашанда жанды дауысты өтеді. Оны келіп, тыңдап жүрген халық біледі. Бұл - біз үшін ләззат алатын іс. Міндетті түрде осылай болуы керек деп ойлаймын. Өйткені, ол көрерменге деген құрмет, тазалық», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу