«Сүйіктім» әні – Мейрамбек Бесбаев, Әли Оқапов (ВИДЕО)  - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сүйіктім» әні – Мейрамбек Бесбаев, Әли Оқапов (ВИДЕО) 

31.07.2016
«Сүйіктім» әні – Мейрамбек Бесбаев, Әли Оқапов (ВИДЕО) 

Жүзіңнен арай көремін,

Жаным-ау сағындырған.

Бағыма балай беремін,

Бейнеңді бағындырған.

Ұрланып қарай беремін,

Жаралған жаның нұрдан.

Сен үшін қалайда менің,

Жолыңа жаным құрбан.

 

Қайырмасы:

Сүйіктім, сүйіктім, сезімді сұлу сүйіппін.

Неліктен жаным, саған жеткізбейді күйік күн.

Сүйіктім, сүйіктім, сезімге оттай күйіппін,

Жаным-ау, жүрсің қайда, сағындырған сүйіктім.

 

Жайғанда сезім қанатын,

Аңсаумен толғайды арман.

Аққуым өзің қонатын,

Көңілім көлге айналған.

Жанарың  төзімді алатын,

Жарқырап шамдай жанған.

Жүректе жазылған атың,

Сағынып сарғайғаннан.

 

Қайырмасы:

Сүйіктім, сүйіктім, сезімді сұлу сүйіппін.

Неліктен жаным, саған жеткізбейді күйік күн.

Сүйіктім, сүйіктім, сезімге оттай күйіппін,

Жаным-ау, жүрсің қайда, сағындырған сүйіктім.

 

Баурайсың балдай шырындай,

Жаныма төккендей нұр.

Сыңғырлап таудың суындай,

Күлесің көктемдей бір.

Жанымның мәңгі сырындай,

Арнайын тек сен деп жыр.

Тамыздың таңғы шығындай,

Көздерің неткен мөлдір.

 

Қайырмасы:

Сүйіктім, сүйіктім, сезімді сұлу сүйіппін.

Неліктен жаным, саған жеткізбейді күйік күн.

Сүйіктім, сүйіктім, сезімге оттай күйіппін,

Жаным-ау, жүрсің қайда, сағындырған сүйіктім.

Хабарламаларға жазылу