«Таңшолпанда» - Мейрамбек Бесбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Мейрамбек Бесбаев

03.07.2014
«Таңшолпанда» - Мейрамбек Бесбаев

Қазақ елін қайырлы таңмен оятатын Ұлттық арнаның «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасында ертең «МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев қонақта болмақ. Жақында «Құс қанат ғұмыр» атты жеке шығармашылық кешін өткізгелі жатқан әншінің тағы қандай жаңалығы бар? Ертеңгі «Таңшолпаннан» көріңіз.

Сонымен қатар, бағдарлама барысында қазақ эстрада әншілері Алмас Кішкенбаев пен «Орда» тобы мүшелерінің қызықты сұхбатын тыңдай аласыздар.

Айта кету керек, ертеңгі бағдарламада «Қазақ елі» монументінің авторы, мүсінші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сембіғали Смағұлов та қонақта болмақ.

Ал ең алғашқы көліктер турасында не білеміз? Президенттердің мамандығы қандай? Әлем астаналарының ерекшеліктері туралы естідіңіз бе? Бұл қызықты деректерді де таңғы бағдарламаның ертеңгі шығарылымынан көре аласыздар.

«Таңшолпан» бағдарламасы таңғы сағат 07.00-10.00 аралығында болады.

Хабарламаларға жазылу