Шудағы пойыз апатына қатысты алдын ала болжам айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шудағы пойыз апатына қатысты алдын ала болжам айтылды

26.06.2018

Шудағы пойыз апатына теміржол рельстерінің жай-күйі мен ауа температурасының күрт өзгеруі себеп болуы мүмкін. Инвестициялар және даму министрі төтенше жағдайға қатысты осындай тұспалын жеткізді. Жеңіс Қасымбек бұған дейін ел арасында айтылып жүрген «жолаушылар пойызына жүк пойызы соқтығысқан» деген нұсқаны жоққа шығарды. Министр Жамбыл облысында пойыз вагондарының жолдан шығып кетуіне қатысты тергеу әлі жалғасып жатқанын алға тартты. Сондықтан, Жеңіс Қасымбек журналистерге тек алдын ала болжамды айтып берді. «Ал, кінәлілер мен жауаптылар тергеуден соң анықталады», - деп сендірді ол. 

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Мерзімі бар. Орташа жөндеу жұмыстары 5 жылда, күрделі жөндеу жұмыстары 10 жылда бір рет жасалады. Сондықтан, жолдың сапасы жыл сайын көктемде тексеріледі. Міндетті түрде. Қыстан кейін сол күндері түнгі температура мен күндізгі температура қатты өзгерді. Сондықтан, осындай мәселелер бар. Сосын бұрын тексерген комиссияға сұрақ бар. Енді біздің комиссия жұмыстарын 2-3 апта ішінде бітіреді. Сол кезде нақты мәлімет беремін. Қазір қосымша ештеңе айта алмаймын. 

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу