Бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлерге жағдай жасау керек
Болашағын бағамдап үлгерген еліміздің Сингапур секілді мемлекетпен тығыз әріптестік орнатуы отандық бизнес секторын дамытуға ықпал етпек. Сондықтан, Қазақстан-Сингапур кәсіпкерлері бүгін Алматыда бас қосты.
Шағын және орта бизнестен елге кіріс келтіріп, халықтың тұрмысын жақсарту үшін қандай озық тәжірибені енгізген жөн?
Сингапур - шағын мемлекет. Әйтсе де, бақуатты елдердің қатарында. Инвесторлар қомақты қаржыны осы ел экономикасына құйып, кәсібін жандандыруда.
Жалпы, нарықтың 60 пайызын шағын және орта бизнес қамтып, жұмыссыздық жойылды. Мұндай жетістікке жетудің өзіндік құпиялары бар. Соның бірқатарымен
алматылық кәсіпкерлермен бөлісті.
Перси Чан, «Grandluxe Private Limited» компаниясының атқарушы директоры:
Кәсібін өрге домалатқысы келетіндерге мемлекет азын-аулақ субсидия бөледі. Бірақ, кәсіпкерлер Үкіметке алақан жайып отыра бермей, өз компанияларының дамуы үшін таза еңбек етеді. Тек дайын өнімдерді көшіріп алмай, кіріс келтіретін жаңа механизмдерді әрдайым ойлап табуы тиіс. Сонда елі де мол табысқа кенеледі.
Сингапур - көлік логистикасы бойынша әлем елдерінде алыңғы қатарда. Сондықтан, қазір Алматы іргесінен салынатын халықаралық жаңа әуежайдың жобасына қатысуға ниет білдіріп отыр.
Ақтау теңіз портымен тікелей әріптестік орнатып, мұнай-газ саласында байланысын арттырған. Екі ел кәсіпкерлерінің бүгінгі кездесуі келешектегі бизнес әлеуетін арттыратын алаңға айналмақ.
Серікбай Бисекеев, «Arman Holding» компаниясының президенті:
Біздің нарыққа шыққанымызға 14 жыл болды. 70 ірі компания Ресей, Германия, Үндістан,Сингапурдажұмыс істеуде. Алғашында телекоммуникациядан бастап, бүгінде энергетика саласына ойыстық. Өз тәжірибемізді ала отырып айтарым, елдегі шағын және орта бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлердің әлемдік нарыққа шығуына жағдай жасау керек. Виза мәселесіжеңілдетілсе, инвестиция көлемі артар еді.
Екі ел тауар айналымы өткен жылы 119 миллион АҚШ долларын құрады. Осы нәтижелі көрсеткішті енді шағын және орта бизнеске бағыттау керек. Сонда ел бәсекелестігі артып, экономика ілгерілейді, дейді кәсіпкерлер.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
12.12.2025, 20:56
Ақмола облысында жыл басынан бері 1 трлн теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілді
12.12.2025, 20:53
Ұлттық комиссия кәсіпкер әйелдерді қолдау шараларын күшейтеді
12.12.2025, 20:51
Мүгедектігі бар 522 мыңнан аса азаматқа керек құрал тегін берілді
12.12.2025, 20:48
Астаналық кәсіпкер дүкенін 4 мың көк шар және 1000 тумен безендірген
12.12.2025, 20:46
Пойыздағы улану оқиғасы: Жансақтау бөліміндегі екі бала бөлімшеге ауыстырылды
12.12.2025, 20:15
Астанадағы дәмханалардың бірінде болған жарылысқа қатысты сараптама жұмыстары басталды
12.12.2025, 20:12
Енді зейнетақы қаржысы пластикалық ота жасауға берілмейді
12.12.2025, 20:09