2014-2016 жылдарға арналған бюджет қаралды
Бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеті талқыланды. Макроэкономикалық көрсеткіштердің 2014 жылға нақтыланған болжамына байланысты, сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақытылы іске асыру мақсатында құжатқа өзгерістер енгізілді.
Оған сай Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері 1 триллион 480 миллиард теңгеге ұлғайтылды. Яғни, жаңа Заң жобасында қаралған қаржы бұрынғы бекітілген бюджетпен салыстырғанда 100 миллиард теңгеге артық. Жаңа құжат ертең Сенат отырысында талқыланады.
Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі:
Доллар бағамы 185 теңгеге дейін ұлғаюына байланысты 2014-жылғы бекітілген ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 1 триллион 480 миллиард теңгені құрайды. 2014 жылға айқындалған кепілдендірілген трансферт мөлшері ұлттық қордағы үнемделмейтін қаражаттың қалдығы бойынша шарттың орындалуын ЖІӨ-нің 30 пайызы мөлшерінде қамтамасыз етеді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан» тасжолы жөнделіп жатыр
17.12.2025, 21:05
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
17.12.2025, 20:56
Биыл 223 медициналық мекеме салынды
17.12.2025, 20:51
Қазақстанға жыл басынан бері 12,1 млн турист келді
17.12.2025, 20:50
Елімізде «Ecoqolday» бағдарламасына тіркелген кәсіпкерлер саны көбейген
17.12.2025, 20:48
Атыраудағы оқиға: Шығын әлі есептеліп жатыр
17.12.2025, 20:45
Дәрігерлерді қорғау: Мәжіліс заңды мақұлдады
17.12.2025, 20:43
1 қаңтардан МӘМС жүйесінде маңызды өзгерістер күшіне енеді
17.12.2025, 20:42