Жер шетелдіктерге сатылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер шетелдіктерге сатылмайды

02.03.2018

Шаруашылық мақсатта қолданылатын жерлер шетелдіктерге берілмейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-минстрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын Парламент Мәжілісі мақұлдап, құжат Сенаттың қарауына жіберілді. Оған сәйкес, жер тек қазақстандықтарға ғана беріледі. Тіпті 1 пайыз шетелдік үлесі бар компаниялар мен шетелдіктермен некеде тұрған Қазақстан азаматтары да жерді ала аламайды.

Вице-министрдің айтуынша, жер беру тәртібінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін конкурс негізінде жерлердің тізбесі бекітіледі. Конкурсқа қатысқысы келетіндердің құқығы бұзылмауы үшін шараның өтуі жөніндегі ақпарат аудандардан бастап, республиканың барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресурстарында жарияланатын болады. 

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Мемлекеттік шекара белдеуінде орналасқан ауылшаруашылық алқаптары ешкімге берілмейді. Тек жергілікті  халыққа жайылым, шабындық ретінде ғана пайдалануға рұқсат етіледі. 

Хабарламаларға жазылу