Сенатор Ақылбек Күрішбаев жетпей жатқан жайылым бойынша пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатор Ақылбек Күрішбаев жетпей жатқан жайылым бойынша пікір білдірді

18.04.2021

Иә, жер шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ айтпай кете алмаймыз, Қазақстан азаматтарына жерді сату немесе мүлдем сатпау, жалға алған жерді екінші қайтара жалға беру сияқты өте маңызды мәселелер бойынша Жер реформасы жөніндегі комиссияда бір байлам жоқ. Бұл сұрақтар қазақтың жанына барып тіреледі. Және ауылдағы ағайынның тіршілігіне де барып тірелетін дүние. Жер туралы мәселеде белден басуға, қарақ жасауға болмайтынын түсінетін пайым бар деп ойлаймыз.

Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі сенатор Ақылбек Күрішбаев жетпей жатқан жайылым бойынша комментарий берді.


Хабарламаларға жазылу