Шетелдіктерге жер сатылмайды - Ерлан Нысанбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдіктерге жер сатылмайды - Ерлан Нысанбаев

05.02.2018

Шетелдіктерге, шетелдік үлесі бар елде тұратын азаматтарға жер мүлдем сатылмайды, жалға да берілмейді. Есесіне, ауыл-аймақта тұратын шаруа иелеріне жайылымдық алаңдар үлестірілуі мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев жер қатынастарын реттеу тақырыбына арналған баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, Жер кодексіне қатысты мұндай мораторий 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Жер реформасы жөнінде құрылған комиссия мүшелері осындай жаңа заң жобасын әзірлеп, Парламент Мәжілісінің қарауына жіберген. Енді, отандық фермерлер үшін жайылымдық жерлер қолжетімді болмақ. Ал, жалпы қазақстандықтарға жалға берудің жаңа тәртібі де бар. Басты талап - байқаудың барынша ашық әрі әділ өтуі. Сондай-ақ, министрлік өкілдері әлеуметтік желіде тараған жер сату туралы қаңқу сөздерге сенбеу керектігін айтады.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Тек жергілікті халыққа шабындық, жайылымдық жер ретінде беріледі. Шетелдіктермен некеге тұрған азаматтарға, ҚР құрамында шетелдіктер бар заңды тұлғаларына беруге тыйым салынады.

Мұхтар Тайжан, қоғам қайраткері:

- Әлеуметтік желіде арандатушылық хат пайда болды. Яғни, ақпанның 14-інен кейін жаппай жер сатылады деген. Мен ресми айтып отырмын. Ол жалған және өтірік. Өйткені, біздің заң жобамызда ол туралы бірде-бір сөз жоқ.

 

Хабарламаларға жазылу