Таразда қалың қар көлік қозғалысына кедергі келтіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда қалың қар көлік қозғалысына кедергі келтіруде

15.01.2018

Таразда қыс қаһарына мінді. Қалың жауған қар тұрғындарды әуре-сарсаңға салды. Қардың қалыңдығы 40 см-ге жуық. Бұл көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіруде. Коммуналдық мекеме түгел жұмылдырылды. Алайда, жолды тазалап үлгермей жатыр. Синоптиктер ертең кешке дейін қар тоқтаусыз жауады деп хабарлады. Жолда қалған 7 адам құтқарылды. Төтенше жағдай қызметі тұрғындарды жолға шықпай, сақтық шараларын сақтауға шақыруда. 

Ж. САҢҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу