Алматыға алғашқы қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыға алғашқы қар жауды

06.10.2021

Алматыға кеше түнде алғашқы қар жауды. Бұған дейін Казгидромет мамандары қазанның 5-інен 6-на қараған түні жаңбыр жауып, арты қарға ұласатынын болжаған. Дегенмен, күн райы жылы болғандықтан, ақ ұлпа бірден еріп жатыр. Сондықтан, шаһар көшелерінде көк тайғақ байқалмайды. Көлік қозғалысына ешқандай кедергі жоқ. Ал мегаполистің коммуналдық қызметі қысқы маусымға тас-түйін дайын екендігін хабарлады. Мамандардың айтуынша, жолдарды тазалау үшін мыңнан астам арнайы техниканы пайдалану жоспарланған. Қалың қар жауған жағдайда 150 қосымша техниканы жалға алуға құрылыс ұйымдарымен шарт жасалған. Сондай-ақ, 30 мың тонна тұз және 60 мың тонна құм алынды. Қазір 1400 жол жұмысшысы бар. Қысқы кезеңге қосымша 1200-ге жуық адам тарту жоспарланған.  

Хабарламаларға жазылу